ПОДЕЛИТЬСЯ
22 сәуір 2019 | 15:51
Бокстан Азия чемпионаты: Ералиев турнирден шығып қалды, Жүсіпов жартылай финалда
Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионаты ширек финалының күндізгі сессиясындағы жекпе-жектер аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бокстан Бангкокта (Таиланд) өтіп жатқан Азия чемпионаты ширек финалының күндізгі сессиясындағы жекпе-жектер аяқталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық боксшылардан рингке бірінші болып 2013 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы Теміртас Жүсіпов шықты. Ол 49 келіге дейінгі салмақта филиппиндік Рамель Макадомен жұдырықтасты. Кездесудің екінші раундында екі боксшының да қабағы жарылды. Салдарынан кездесу тоқтап, төрешілер жеңісті Жүсіповке берді.
Теміртас Жүсіпов. Фото: kfb.kz
Жүсіповтің жеңіс жолын 2017 жылғы әлем чемпионы Қайрат Ералиев жалғастыра алмады. Ол 56 келіге дейінгі салмақта үндістандық Кавиндер Сингх Биштпен жұдырықтасқан. Төрешілердің басым бөлігі жеңісті үндістандық боксшыға берді.
Осылайша, Ералиев биылғы Азия чемпионатынан ұшып кеткен екінші боксшымыз болып отыр. 1/8 финалда 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Әнуар Мұзаппаров жарыс жолынан шығып қалған болатын.
Дариға Шәкімова. Фото: kfb.kz
Күндізгі сессияда әйелдер арасындағы жекпе-жектер де өтті. 69 келіге дейінгі салмақта Дариға Шәкімова моңғолиялық Эрденетуя Энхбаатармен күш сынасқан. 2016 жылғы Лондон Олимпиадасының жүлдегері қарсыласын төрешілердің шешімімен жеңді.
Показать комментарии
Читайте также