Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететіні туралы жазбаны алып тастады

Фото: kfb.kz

Ғалым Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ғалым Кенжебаев бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол Instagram-парақшасында мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол қызметінен өз еркімен кететінін жазған және бапкер өзінің бір өкініші деп Сабырхан Махмұдқа олимпиадалық циклде аз мүмкіндік бергенін атады. Бірақ кейін бапкер бұл жазбасын парақшасынан өшіріп тастады. 

Бұған дейін Ғалымбек Кенжебаевтан Токиодағы Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылардың сәтсіз өнер көрсетуінен кейін отставкаға кету мүмкіндігі туралы сұрағанда жауап бермеген болатын. 

Реклама
Реклама

Кенжебаев ұлттық құраманы 2018 жылдың желтоқсанынан бастап басқарды. Бұған дейін ол жастар құрамасын жаттықтырған, сонымен қатар әуесқойлар арасында Геннадий Головкиннің жеке бапкері ретінде танылған.

Еске салайық, 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы тарихында тұңғыш рет Олимпиада ойындарында бокстан "алтынсыз" қайтқан болатын. Токиода боксшыларымыз тек екі қола медаль жеңіп алған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама