Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында - алғашқы алтын

Фото Тengrinews.kz

Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Қазақстанның қоржынына алғашқы алтын түсті, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі.

46-49 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Шалқар Айқынбай финалдық кездесуде өзбекстандық қарсыласы Сүлеймен Латиповтан 3:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп, ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Шалқар Айқынбайдан бөлек, тағы үш боксшымыз алтын медаль үшін сынға түседі. Бұған дейін Софиядағы әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстаннан ең көп боксшы шыққаны хабарланған еді. Қазақстанмен бірге, Өзбекстанның да төрт жас боксшысы шешуші кезеңге жолдама алған болатын.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама