Брукті құлата алмаған Головкиннің бізге де әлі келмейді - Джейкобстың бапкері

© K2 Promotions

WBA н?с?асы бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы Дэниэл Джейкобсты? (32-1, 29 КО) бапкері Андре Розье WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF н?с?алары бойынша орта салма?та?ы ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкинді америкалы? боксшыны ??лата алмайтынын м?лімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) бапкері Андре Розье WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді америкалық боксшыны құлата алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Дэнни осы кездесуге дайын болады. Онымен өткен кездесулерде үш адам ғана нокаутқа түскен жоқ. Дэнни тез қозғалады. Барлығы жекпе-жекпе басталмай-ақ аяқталуы мүмкін. Дэнни қазір мықты, алты жыл бұрынғыдай емес. Дэннидің Пирогпен жекпе-жегін айтататын болсақ, Дэнни барлық раундта жеңіске жеткен болатын, бірақ 5-ші раундта оны нокаутқа түсірді", - дейді бапкер.

Андре Розьенің айтуынша, Головкин үнемі бір қимылды жасай береді. "Ол қысым жасайды, денеден ұрғанды жақсы көреді. Сондай-ақ, ол соққыларды өткізгенді жақсы көреді. Соққыны бірнеше рет өткізе берсең, сенің қорғанысың әлсірей бастайды", - деді Джейкобстың бапкері.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, бапкер Дэниэл Джейкобстың осы жекпе-жекте қателіктерін қайталамайтынын айтты.

Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама