Бруктің Головкинге қарсы титтей де мүмкіндігі жоқ - Шугар Рэй Леонард

© Reuters

Бес салма? категориясы бойынша ?лемні? экс-чемпионы америкалы? Шугар Рэй Леонард Келл Брукті? ?аза?станды? Геннадий Головкинді же?уге м?мкіндігі жо? деп есептейді. Алайда Sky Sports басылымына берген с?хбатында ол а?ылшын?а ?аза?станды?пен жекпе-жегінде тиімді болады деген бірнеше ке?ес беріпті.

Бес салмақ категориясы бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Шугар Рэй Леонард Келл Бруктің қазақстандық Геннадий Головкинді жеңуге мүмкіндігі жоқ деп есептейді. Алайда Sky Sports басылымына берген сұхбатында ол ағылшынға қазақстандықпен жекпе-жегінде тиімді болады деген бірнеше кеңес беріпті.

Леонардтың айтуынша, Брук бұл жекпе-жекке аса жоғары дайындықпен келуі керек. "Менің ойымша, Бруктің титтей де мүмкіндігі жоқ және ол жеңе алмайды, бірақ ол өзіне сенуі керек. Өзіме келсем, андердог болғанымда жағдайым өте жақсы болған. Мен жан-жақты әрі қайратты болдым. Егер Брук те осындай жағдайда болса, өзіне жақсы. Брук Головкиннің ырғағына ілесе алуы үшін дайындығы өте жақсы болуы тиіс. Ширақ қимылдап, Головкинді қорқытып алуы керек. Ол қолынан келетін бар мүмкіндігін пайдаланып, өз-өзіне берік болуы тиіс, тек жылдамырақ, ақылдырақ болып, күшін тез сарқып алмауы керек", - деді ол.

Еске салайық, Головкин - Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді. Головкинның барлық титулы тігілетін жекпе-жекті KazSport және "Қазақстан" телеарналары таратады.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама