03 қазан 2020 | 13:27

"Бұл чемпион атағы үшін келесі бір қадам". Әлімханұлы рингке оралуына қатысты пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы. Сурет: Top Rank©

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) рингке оралуына қатысты пікір білдірді. Ол жақсы дайындық жүргізгенін және әлем чемпионы атағына ұмтылатынын атап өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) рингке оралуына қатысты пікір білдірді. Ол жақсы дайындық жүргізгенін және әлем чемпионы атағына ұмтылатынын атап өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Мен ұзақ уақыт бойы рингтен тыс жүрдім және қазір өте қатты оралғым келеді. Менде Бадди Макгиртпен және керемет спарринг серіктестеріммен жақсы жаттығу лагері болды. Бұл менің жақын арада әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекке дайындығымның келесі бір қадамы. Жанкүйерлеріме қазақ стилін көрсету үшін 9 қазанды асыға күтіп жүрмін", - деп жазған badlefthook.com Әлімханұлының сөзін.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Top Rank промоутерлік компаниясы қазақстандықтың жекпе-жегі туралы ресми жариялады. 

9 қазанда Лас-Вегаста (АҚШ) MGM Grand аренасында 27 жастағы Әлімханұлы 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориямен (16-3, 6 КО) кездеседі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная