14 қараша 2018 | 17:29

"Бұл денсаулыққа қауіпті". БАҚ Головкинге ең қиын қарсыласты атады

© Fightnews.info

Ұлыбританиялық MMA Plus спорт сайтының журналисі Бен Смит Vesti.kz тілшісімен сұхбатында екінші орта салмақта WBA Super чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жеңімпазы Каллум Смит (25-0, 18 КО) неліктен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) карьерасындағы ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін екенін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританиялық MMA Plus спорт сайтының журналисі Бен Смит Vesti.kz тілшісімен сұхбатында екінші орта салмақта WBA Super чемпионы және Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жеңімпазы Каллум Смит (25-0, 18 КО) неліктен қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) карьерасындағы ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін екенін айтты.

"Смит қазір бабында, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын. Головкин шырқау шегінен өтті және бұрынғы мызғымастай қалыпта көрінбейді. Бұл жекпе-жекте олардың мүмкіндіктері тең. Одан кейін Головкин салмақ қосып, өзнен ірі жігітпен жұдырықтасады. Бұл денсаулыққа қауіпті. Кездесуден кейін Головкин карьерасын аяқтауы мүмкін деген қауіп бар. Өйткені "Канелоға" қарағанда Смиттің соққылары ауыр. Сондықтан келіспес бұрын Головкинге жақсылап ойлану қажет", - дейді Бен Смит.

Реклама
Реклама

Головкин мен WBA чемпионы арасындағы жекпе-жек бойынша келіссөздер басталды

Еске салайық, мұның алдында Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер ұлыбританиялық Каллум Смиттің (25-0, 18 КО) ісін жүргізетін әріптесі Эдди Хирнмен келіссөздерді бастағаны белгілі болды. Голвкин - Смит жекпе-жегі 2019 жылы "Ливерпуль" футбол клубы матчтерін өткізетін Ұлыбританиядағы "Энфилд" стадионында болуы мүмкін. 

Ал әлемнің бұрынғы чемпионы Карл Фроч қазақстандықты мұндай қауіптен бас тартуға шақырған. Бұл көзқарасты белгілі бокс сарапшысы Ли Кормли де қолдады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная