15 қараша 2019 | 14:54

"Бұл жолда қарсыласты да, өзімді де аямаймын!" - Жеңілмеген қазақ боксшысы чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасу жайлы

Камила Долаева Журналист
© RCC Boxing Promotions

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа деңгейге көтерілетін уақыт келгенін айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында жаңа деңгейге көтерілетін уақыт келгенін айтты.

Мұның алдында ісін Golden Boy промоутерлік компаниясы жүргізетін багамалық боксшы Туреано Джонсонның (21-2-1, 15 КО) келесіде Нұрсұлтановқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екені хабарланған.

Реклама
Реклама

"Қазір елордада, үйдемін. Кеше ғана ұшып келдім, туыстарым мен достарым күтіп алды. Бір аптадай дем аламын, сосын ақырындап жаттыға бастаймын. Келесі жекпе-жек уақыты белгіленгенде толыққанды жаттығуды бастаймыз. Әзірше команда жауабын күтіп отырмын.

Туреано Джонсонға қатысты айтсам, әрине, онымен жұдырықтасуға дайынмын. Түсінгенім бойынша, келіссөз жүріп жатыр. Промоутерлеріміз келіссе, рингтегі басымдығымды дәлелдеу ғана қалады! Мықты боксшылармен ғана жұдырықтасатын уақыт келген сияқты. Басты мақсат - әлем чемпионы атану. Бұл жолда өзімді де, қарсыластарымды да аямаймын! Құдай бұйырса, бұл күн де туады!", - дейді Мейірім.

26 жастағы Нұрсұлтанов соңғы жекпе-жегінде мексикалық Кристиан Оливасты (16-6, 13 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBC жүйесіндегі АҚШ чемпионы (USNBC) титулын иеленген.

Ал 35 жастағы Джонсон шілдеде ирландиялық Джейсон Куиллиді (16-1, 12 КО) нокаутқа түсіріп, NABF тұжырымынша Солтүстік Америка чемпионы белбеуін жеңіп алды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная