Чавес "Канелоның" не себепті Головкинмен ешқашан жұдырықтаспайтынын түсіндіріп берді

© RingSide24

Орта салма?та?ы б?рын?ы ?лем чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес ?зіні? отандасы Сауль "Канело" Альваресті? неге еш?ашан Головкинмен ж?дыры?таспайтынын т?сіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтыны? ?аза? б?лімі

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы кіші Хулио Сезар Чавес өзінің отандасы Сауль "Канело" Альварестің неге ешқашан Головкинмен жұдырықтаспайтынын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі

"Канелоның" Головкинді жеңетін мүмкіндігі бар деп ойлайтынмын, бірақ, қазір ол ойым өзгерді. Өйткені "Канело" онымен спарринг өткізді де, мықтылығын сезді. Альварес Головкинді жеңе алмайтынын түсінді, оның үстіне ол кішірек. Головкин расында да жақсы боксшы. Ол Олимпиаданың күміс жүлдегері және күші мығым. Боксшы ретінде ол Альварестен мықты, физикалық дайындығы да жақсы және нағыз орта салмақтың адамы", - дейді Чавес ESNews басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, 6 мамырда кіші Чавес Лас-Вегас қаласында "Канеломен" жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 164,5 фунт аралық салмақта өтеді. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Альварес осы жекпе-жектен кейін Головкин жұдырықтасып жүрген орта салмаққа өтетінін айтқан. Тараптар қыркүйекте жекпе-жек өткізу жайында келіссөз жүргізіп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама