Данияр Елеусінов америкалық боксшыны бірінші раундта нокаутқа түсірді. Екі боксшы арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов Бостондағы бокс кешінде америкалық Мэтт Догертиді бірінші раундта нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті.
Екі боксшы арасындағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған болатын. 2 минут 33 секундтан кейін төреші шаршы алаңдағы шайқасты тоқтатты. Данияр техникалық нокаутпен қарсыласын жеңді.
Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Келесі кездесуін 24 қараша күні Монакода өткізеді.