Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз арбасты

Данияр Елеусінов Нью-Йоркте қарсыласымен көз арбасты © instagram.com/yeleussinovdaniyar

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) қарсыласы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) қарсыласы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) көз арбасты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

28 жастағы Олимпиада чемпионы мен 34 жастағы жеңілмеген америкалықтың кездесуі Нью-Йорктегі баспасөз мәслихаты аясында өтті. 

Боксшылар 14 қыркүйекте Нұр-Сұлтан уақытымен таңда Madison Square Garden аренасының Hulu Theather шағын залында жұдырықтасады. Жартылай орта салмақтағы кездесу он раундқа есептелген. 

Жарнама
Жарнама

Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде америкалық Девин Хэйни мен ресейлік Заур Абдуллаев кездесіп, жеңіл салмақта WBC "уақытша" чемпионы титулын сарапқа салады. АҚШ-та шоуды DAZN стриминг сервисі тікелей эфирде көрсетеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама