ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 18 тамыз 2016 02:00
Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының алтын медалін жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық жекпе-жекте Елеусінов өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен кездесті. Бірінші раундта өзбекстандық белсенді болған, алайда үш төреші де қазақ боксшысы жеңді деп есептеді. Ал екінші раунд Елеусіновтің дөп тиген соққыларымен есте қалды. Қорытынды раундта өзбек босшысы жағдайды оңалтуды ойлап, бар күшімен алға ұмтылған, бірақ Елеусінов оған бетпе-бет келіп, тойтарыс берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша қазақ боксшысы 3:0 (29-28, 29-28, 29-28) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол Қазақстан бокс құрамасының алғашқы, ал Қазақстанның үшінші алтын медалін жеңіп алды.
© Reuters
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу