16 наурыз 2019 | 11:50

Данияр Елеусінов АҚШ-та тәжірибелі мексикалық боксшыны жеңді

Камила Долаева Журналист
© zimbio.com

Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов мексикалық Сильверио Ортисті жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Жекпе-жек Филадельфиядағы (Пенсильвания штаты, АҚШ) Liacouras Center аренасындағы бокс кешінде болды. 

Реклама
Реклама

Жартылай орташа салмақтағы Елеусінов-Ортис жекпе-жегі барлық сегіз раундқа созылды. Төрешілер жеңісті бірауыздан 79-70, 79-71 және 79-71 көрсеткішімен қазақстандыққа берді. 

Жетінші раундта Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, бірақ мексикалық жігіт тым төмен түскен кезде ол артық соққы жібергені үшін бір ұпайдан айрылды. Төрешілер Ортис есін жиғанша біраз уақыт беріп, дәрігер шақыртты, ол кейін мексикандыққа жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат берді. 

28 жастағы Елеусіновтің еншісінде алты жекпе-жектен алты жеңіс (үш нокаутпен) бар, ал 36 жастағы Ортис карьерасындағы 24-ші жеңіліске ұшырады, сондай-ақ, оның активінде 37 жеңіс (18 нокаутпен) бар.

2019 жылдың алғашқы жекпе-жегі Елеусінов үшін кәсіби карьерасындағы ең ұзағы болды. Бұған дейін 2018 жылы қарашада ол никарагуалық Маркос Мохикамен (16-3-2, 12 КО) сегіз раунд форматында жұдырықтасқан, бірақ үшінші раундта нокаутпен жеңді.

Елеусінов профиде алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген.

Уалихан Қосанбай


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная