28 қараша 2020 | 09:19

Данияр Елеусінов қарсыласын жеңіп, IBF белбеуіне ие болды

Данияр Елеусінов. Фото: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Бүгін, 28 қарашада таңертең қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін, 28 қарашада таңертең қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) жартылай орта салмақтағы IBF Intercontinental бос белбеуі үшін бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жекпе-жекке шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елеусінов пен "Көк Машина" арасындағы кездесу Голливудтағы бокс кешінің андеркардында өтті. Қазақтандық боксшы бірінші және екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде Данияр Елеусінов уақытынан бұрын жеңіске жетіп, IBF Intercontinental белбеуіне ие болды.

Реклама
Реклама

Елеусінов өзінің соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың желтоқсанында өткізіп, америкалық Алан Санчесті бесінші раундында нокаутқа түсірген болатын (20-5-1, 10 КО). Ал Индонго кейінгі кездесуін 2019 жылдың тамызында өткізіп, екінші раундта америкалық боксшы Карлтавиус Джонсонды (4-2, 0 КО) нокаутқа түсірген.

Бұған дейін қазақстандық спортшы осы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірген болатын. 

"Бәріне өз талантымды, күшімді, жылдамдығымды және таймингім қандай тамаша екенін көрсеткім келеді. Менде қуат жоқ және стилім кәсіпқойға жарамайды дейтіндердің бәріне паш еткім келеді", - деген еді Елеусінов The Ring журналына берген сұхбатында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная