Данияр Елеусінов келесі кездесуінде экс-чемпионмен жұдырықтасады

Данияр Елеусінов. © Matchroom

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) келесі кездесуінде бірінші жартылай орта салмақта үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы абыройлы инсайдер Майк Коппинджер өз дереккөзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) келесі кездесуінде бірінші жартылай орта салмақта үш тұжырым бойынша бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) жұдырықтасады. Бұл туралы абыройлы инсайдер Майк Коппинджер өз дереккөзіне сілтеме жасап жазды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы кездесу 17 сәуірде АҚШ-тың Мэрилэнд штатында Оксон-Хилл қаласындағы бокс кешінің андеркартында өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жекті DAZN стриминг жүйесі трансляциялайды. Осы шоуда бірінші жартылай орта салмақта әлем чемпионы болған - америкалық Реджис Прогрейс (24-1, 20 КО) пен отандасы Морис Хукер (27-1, 18 КО) жұдырықтасады. 

"Олимпиада чемпионы үшін үлкен қадам", - деді Коппинджер Елеусінов - Индонго кездесуі жайлы. 

Реклама
Реклама

Осыған дейін менеджер Зия Әлиев Vesti.kz порталына берген сұхбатында Елеусіновтің 17 сәуірде Прогрейс - Хукер шоуында жұдырықтасатынын айтқан еді. Ол кездесу нәтижесінде жеңімпаз өңірлік титулды иеленуі мүмкін екені айтты. 

2016 жылдың желтоқсан айында 37 жастағы Индонго бірінші раундта ресейлік Эдуард Трояновскиді (28-2, 24 КО) нокаутқа түсіріп, IBF және IBO жаңа чемпионы атанды. Содан кейін намибиялық боксшы Ұлыбританияға барып шотландиялық Рикки Бернспен (43-8-1, 16 КО) жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жеткеннен кейін WBA (Super) атағын алды.

2017 жылы тамыз айында Индонго АҚШ-та әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін сынға түсті. Кездесу үшінші раундта аяқталды, сонда намибиялық спорттық мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады.

2018 жылдың наурыз айында Индонго Прогрейестен нокаутпен жеңілді, ал соңғы жекпе-жекті 2019 жылы тамыз айында өткізген болатын, ол кезде американдық Карлтавиус Джонсонмен (4-2) шаршы алаңда жұдырықтасып, мерзімінен бұрын жеңді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама