23 қазан 2019 15:01

Данияр Елеусінов шаршы алаңға қашан шығады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) рингке оралатын уақыты белгілі болды. Жекпе-жектің мән-жайы туралы Vesti.kz порталына қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.


Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің (8-0, 4 КО) рингке оралатын уақыты белгілі болды. Жекпе-жектің мән-жайы туралы Vesti.kz порталына қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.

"20 желтоқсан. Лас-Вегаста Дэниэл Джейкобс және Хулио Сезар Чавестің бокс кешінде. Жекпе-жек он раундты болады. Қарсыластың есемін кейінірек айтамыз", - дейді менеджер.

Бұл жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшының кәсіпқойдағы тоғызыншы кездесуі және Лас-Вегастағы алғашқысы болады. 28 жастағы Елеусінов кәсіпқой рингке 2018 жылы өтіп, барлық сегіз жекпе-жегінде жеңіске жеткен. Қыркүйектегі соңғы кездесуінде Данияр амеркиалық Решард Хиксті (12-1-1, 6 КО) нокаутпен жеңіп, DAZN өкілдерін таңдандырған еді.

Мұның алдында қазақ боксшының промоутері Эдди Хирн 2020 жылға деген жоспарларымен бөліскен - Елеусінов келесі жылы чемпиондық титул үшін жұдырықтасуы мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети