29 мамыр 2019 | 09:21

Данияр Елеусіновтің екінші баласы дүниеге келді

Дина Муратова Редактор
© Фото: Данияр Елеусінов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) шілдеде болатын жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі олимпиада чемпионының менеджеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) шілдеде болатын жекпе-жегінде титул үшін жұдырықтасуы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі олимпиада чемпионының менеджеріне сілтеме жасап.

Қазақстандық боксшының келесі жекпе-жегі АҚШ-та 27 шілдеде болады. Ол Техас штатының бас қаласы Далласта өтеді. 28 жастағы Елеусінов кәсіпқой рингте алғаш рет 10 раундтық жекпе-жек өткізеді.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта Данияр үйінде. Оның тағы бір баласы дүниеге келді. Ол баласын көру үшін үйге оралған. Он күннен кейін қайтадан жаттығуға оралады. Жаттығу кезінде соңғы жекпе-жектегі кеткен қателіктермен жұмыс істейді. Ал келесі бокс кеші оған қиын болады. Себебі ол 10 раундтан тұрады, оған қоса титулды жекпе-жек. Сондай-ақ біз аймақтық WBO, IBF, WBC және WBA сынды бос белбеулер үшін болатын жекпе-жектерді қарастырып жатырмыз. Бірақ ендігі кездесулердің барлығы тек қиындай береді", - деді боксшының менеджері.

Айта кетейік, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов чилилік Луис Норамбуэноны (3-2-1, 0 КО) жеңіп, кәсіби рингте жетінші жеңісіне қол жеткізді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная