ПОДЕЛИТЬСЯ
26 ақпан 2020 | 15:01
Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі күні белгіленді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (9-0, 5 КО) келесі жекпе-жегі 17 сәуірде АҚШ-тың Оксон Хилл қаласында өтеді. Жартылай орта салмақта өнер көрсететін 28 жастағы Олимпиада чемпионы бірінші титулды жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Жекпе-жектің мән-жайын Vesti.kz тілшісіне менеджер Зия Әлиев айтып берді.

"Он раундты жекпе-жек болады. IBF, WBA, WBO немесе WBC ұйымдарының аймақтық белбеуі ойнатылатын шығар. Әзірге қарсылас жоқ. Бірнеше боксшымен келіссөз жүргізіп жатырмыз - жекпе-жек күні мен уақыты белгіленгенін күттік", - дейді Әлиев.
Еске салайық, Елеусінов соңғы рет рингке былтыр желтоқсанда шығып, америкалық Алан Санчесті (20-5-1, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңген болатын.
Показать комментарии
Читайте также