21 тамыз 2019 09:13

Данияр Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Instagram / @yeleussinovdaniyar

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары - америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.

FIGHT ADDED ???? 2016 Olympic gold medalist Daniyar Yeleussinov (7-0, 3 KOs) heads to NYC to feature on a blockbuster night at @HuluTheaterMSG, facing Reshard Hicks ???? #HaneyNYC #YeleussinovHicks pic.twitter.com/e8aw9FdPqw

— Matchroom Boxing (@MatchroomBoxing) August 20, 2019

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram