Давид Лемье қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

Канадалы? к?сіп?ой боксшы Давид Лемье Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасында?ы бокс кешіні? андеркартында кезекті же?ісіне ?ол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Ол ирландиялы? боксшы Гэри О'Салливанды бірінші раундта нокаут?а т?сірді.

Канадалық кәсіпқой боксшы Давид Лемье Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы бокс кешінің андеркартында кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Ол ирландиялық боксшы Гэри О'Салливанды бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Жекпе-жекті екі боксшы ширақ бастады. Жылдам соққылар жасап, екеуі де алға ұмтыла түсті. Кезекті соққы алмасу кезінде Давид қарсыласын дәл күтіп, шапшаңдық танытты. Оның сілтеген жұдырығы қарсыласына дәл тиіп, ирландиялық боксшы нокаутқа түсті. Гэри О'Салливанның ес жия алмағанын байқаған төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Реклама
Реклама

Давид Лемье жеңісінен кейін бірінші орта салмақта WBA (Super) чемпиондық атағына міндетті қарсылас атанды. Ал бұл атақ Геннадий Головкиннің еншісінде. Бүгін Сауль Альвареске қарсы кездесуінде қорғайтын болады.

Айта кетейік, Давид Лемье Геннадий Головкинмен жұдырықтасқан боксшылардың бірі. Отандасымыз канадалықты 8-раундта нокаутпен жеңген болатын.

Гэри О'Салливан да Генамен жұдырықтасқысы келетінін, тіпті оңай жеңетінін де айтып жар салып жүрген боксшылардың бірі болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама