Де Ла Хойя Головкин - "Канело" жекпе-жегінің қанша раундқа созылатынын айтты

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясыны? ??рылтайшысы Оскар Де Ла Хойя 16 ?ырк?йекте орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес арасында?ы жекпе-жек ?анша раунд?а созылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының құрылтайшысы Оскар Де Ла Хойя 16 қыркүйекте орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек қанша раундқа созылатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Бізде әрдайым алға жүретін Головкин бар. Ол екі қолымен де жойқын соққылар жасайды. Ол әрдайым нокаутты іздейді және оның рекорды бұған дәлел. Ол өз спорттық мансабында барлығын нокаутқа түсіріп келеді. "Канело" өзін көрсету мақсатында барын салады. Бұл керемет жекпе-жек болады. Менің ойымша, бұл бес-сегіз раунд нағыз тозақ оты болады. Бұл сөзсіз керемет әрі қызықты кездесу болады", - деп жазады Boxingnews24.com Оскар Де Ла Хойяның сөзін.

Осыған дейін промоутер "Канелоның" нокаутқа түсіп қалуын немесе Головкиннің күл талқанын шығаруы мүмкін екенін айтқан еді. 

Реклама
Реклама

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама