20 ақпан 2014 10:27

Дэниэл Гил Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

Дэниэл Гил. Фото fightnews.ru

32 жастағы аустралиялық былғары қолғап шебері Дэниэл Гил WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы, отандасымыз Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап. "Жігіттер, менің келесі қарсыласым Головкин болады деп үміттенемін. Мен Аустралияға тағы екі-үш чемпиондық аттақты алып барғым келеді", - дейді Дэниэл Гил 35 жастағы отандасы Гарт Вудты жеңгеннен соң. Естеріңізге сала кетейік, Геннадий Головкин Гилмен 26 сәуірде кездесуі мүмкін еді. Бірақ, ол кезде Гил бұл кездесу Аустралия жерінде көрсетілмейтіндіктен Генамен кездесуге бас тарқан болатын. Айта кетейік, WBA және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин осы уақытқа дейін кәсіпқой бокс шаршы алаңында 29 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жеткен. Ол өзінің соңғы кездесуін 1 ақпан күні Монакода ганалық боксшы Осуману Адамаға қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен қарсыласынан басым түскен. Енді Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 26 сәуір күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткізеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram