Джейкобс GGG - "Канело" екінші жекпе-жегіне қатысты тұжырымын айтты
Америкалық Дэниэл Джейкобс украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекте орта салмақтағы IBF титулын кім алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Америкалық Дэниэл Джейкобс украиналық Сергей Деревянченкомен болатын жекпе-жекте орта салмақтағы IBF титулын кім алуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Қарсыластардың екеуі де Андре Розьенің қоластында жаттыққандықтан бұрындары спаррингтік серіктес болған. Жекпе-жекте бапкер Розье жаттығу залына 14 жасында келген Джейкобстың жағында болатынын айтты. "Сергей нағыз ер азамат және менің досым, бірақ мен оны ағам ретінде санамаймын. Ол менің арманымды орындау жолында тұрғандықтан енді Деревянченко - менің жауым. Қазіргі басты мақсатым алаңға "Өлтіру ме, әлде өлі болып шығу ма?" деген оймен күресу", - деді Джейкобс BoxingTalk тілшісіне берген сұхбатында.
Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварестің арасында болған жекпе-жекке қатысты Джейкобста өз ойын білдіріп кетті. Жекпе-жек қазылар алқасының шешімімен "Канелоның" жеңісімен аяқталды. Головкин бокс карьерасында алғаш рет жеңіліс тауып, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.
"Жекпе-жекті алғаш рет көргенімде Головкин бір-екі ұпайға алда келе жатты деп ойладым. Бірақ кейінірек қайта қарап шықсам жекпе-жек тең түскенін байқадым. Жекпе-жек не тең аяқталуы керек еді, не Головкин жеңуі керек еді", - деді Джейкобс.
Айта кетейік, Джейкобс 2017 жылдың наурызында Головкинмен өткен жекпе-жегінде қазылар алқасының шешімімен жеңіліп қалды. Алайда ол қазақстандықпен барлық 12 раундқа созылған кездесуге шыдаған тұңғыш боксшы атанды.
IBF титулымен маусым айының соңына дейін Головкин иеленген еді, бірақ ұйым 3 тамызда Деревянченкомен өтуі керек жекпе-жекке жазбаша келісім беруден бас тартқаны үшін белбеуін тартып алды. Нәтижесінде IBF 27 қазанда Нью-Йоркте өтетін Украина мен Джейкобс арасындағы жекпе-жекке санкция қойды.