15 маусым 2023 | 11:01

Допинг сынамасына байланысты Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан шеттетілді

Фото: WFRK

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов сынамасынан тыйым салынған заттар табылған соң, турнирлерден уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов сынамасынан тыйым салынған заттар табылған соң, турнирлерден уақытша шеттетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, допинг-сынама Кореяда өткен Азия чемпионатында өнер көрсеткеннен кейін жасалған.

Реклама
Реклама

"109 келі салмақ дәрежесінде Чинджу турнирінің күміс жүлдегері Артем Антропов Қазақстаннан жарыстан шеттетілген екінші бұрынғы әлем чемпионы. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Игорь Сон ақпан айында Ұлттық допингке қарсы ұйым жарыстан кейін сынама нәтижесінде тыйым салынған зат анықталып сегіз жылға спорттан шеттетілді", - деп жазады Vesti.kz insidethegames.biz сілтеме жасап.

Антропов биылғы олимпиадалық іріктеу жарыстарында тест сынамасында оң нәтиже көрсеткен үшінші ауыр атлет болды: Еуропа чемпионатында Түркиядан келген спортшылардың сынамалары оң нәтиже берді.

"IWF" допингке қарсы барлық процедураларды жүргізетін Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) Антроповтың SARMS-23 сынамасы оң нәтиже бергенін хабарлады. Ол ITA допингті бұзу тізіміне сәйкес, оң сынамаға байланысты осы жылы спорттан уақытша шеттетілген алтыншы ауыр атлет және 2021 жылдың қыркүйегінен бастап спорттан шеттетілген бесінші ауыр атлет болған. Сынақ нәтижесі андрогендік рецепторлардың селективті модуляторларының (SARMS) белгілерін көрсетті.

SARMS анаболикалық стероидтерге ұқсас қасиеттерге ие және сүйек пен бұлшықет өсуіне ықпал етуі мүмкін. Қазақстандық ауыр атлеттер Кореяда өтіп жатқан Азия чемпионатында жүлдегерлер қатарында.

Айта кетейік, Мамыр айында Кореяда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтіп, Қазақстан құрлықтық турнирде 14 медаль жеңіп алған еді. 23 жастағы Антроповқа келсек, 2017 жылы ол 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жастар арасында әлем чемпионы атанып, кейін бірнеше бөлімге ауыстырып, 109 келіге жетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная