ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2021 | 12:25
Допингпен ұсталды. Сергей Ковалев пен өзбек боксшының жекпе-жегі өтпеуі мүмкін
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допингке тесттен өте алмады. Бұл туралы ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Жартылай ауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Сергей Ковалев (34-4-1, 29 КО) допингке тесттен өте алмады. Бұл туралы ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Оның айтуынша, VADA өкілдері бұл мәліметті растады.
Ковалев кейінгі жекпе-жегінде мексикалық Сауль "Канело" Альварестен жеңілген болатын. Оның келесі кездесуі 30 қаңтарда 2016 жылғы Олимпиада жүлдегері өзбекстандық Бектемір Bek Bully Меликузиевке (6-0, 5 КО) қарсы өтуі керек еді. Бұл кездесу бастапқыда Мәскеуде жоспарланып, кейін Америкаға ауыстырылған. Енді жекпе-жек мүлде болмайтынға ұқсайды.
"Сергей Ковалевтің тесті синтетикалық тестестерон барын көрсетті. VADA өкілдерінен хат алдым, онда мән-жай айтылған. Демек оның 30 қаңтар DAZN платформасындағы Бектемір Bek Bully Меликузиевпен жекпе-жегі өтпейтін шығар", - деп жазыпты Рафаэль твиттер желісінде.
BREAKING: Sergey Kovalev has tested positive for synthetic testosterone. I have obtained the VADA letter outlining the details of positive test. Means his Jan. 30 DAZN headliner with Bektemir “Bek Bully” Melikuziev likely will be canceled. #boxing
— Dan Rafael (@DanRafael1) January 14, 2021
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также