ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 17 тамыз 2016 06:05
Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Турнирдің жартылай финалында ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандықтың қарсыласы 22 жастағы нигериялық Эфе Аджагба болды. Дычко бірінші раундта-ақ сәтті шабуылдар жасап, басым болды. Екіншісінде ол бұл көрсеткішін нығайта түсті. Ал үшінші раундта екі боксшы да барын салды.
©REUTERS
Осылайша Дычко Олимпиаданың жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді алады.
Жартылай финалда қазақстандық ағылшынның 30 жастағы боксшысы Джо Джойспен жұдырықтаспақ. Дычко - Джойс жекпе-жегі 20 тамызда Астана уақыты бойынша 00.15-те басталады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу