Дычко шаршы алаңға қайта оралады

©tengrinews.kz

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионатынан кейін шаршы алаңға әлі де болса бірде-бір рет шықпаған Иван Дичко рингке қайта оралады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дычко соңғы мәрте шаршы алаңға Алматыда өткен бокстан әлем біріншлігінің финалында Әзірбайжан боксшысы Могамедрасул Меджидовтпен шығып, нокуатпен ұтылып қалған болатын. Сондан кейін ұзақ уақыт бойы рингке шықпады. 

Арада бірнеше уақыт өткеннен кейін бокстан Қазақстан құрамасының бапкерлер қосыны Иванды шаршы алаңға қайта шығаруды жөн көріп отыр екен. Енді Дычко Ташкентте өтетін Сидней Джексон мемориалында жұдырықтасады.

Реклама
Реклама

Бұл боксшыдан бөлек ол мемориалда Қазақстан намысын 60 келіге дейінгі салмақта Закир Сафиуллин, Алмасбек Орынғалиев (69 келіге дейін), Сапарбай Айдаров (75 келіге дейін) және Нұрдәулет Жарманов (81 келіге дейін) сынды былғары қолғап шеберлері қорғайды. 

Айта кетейік, турнир 13 және18 мамыр аралығында Өзбекстанның бас қаласында өтеді.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама