Джейкобс Головкинмен реванш өткізу үшін орта салмаққа оралуы мүмкін

Джейкобс Головкинмен реванш өткізу үшін орта салмаққа оралуы мүмкін

Орта салмақта әлем чемпионы болған Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) келесі жекпе-жегін жаңа салмақта өткізеді. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

Орта салмақта әлем чемпионы болған Дэниэл Джейкобс (35-3, 29 КО) келесі жекпе-жегін жаңа салмақта өткізеді. Бұл туралы журналист Майк Коппинджер Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

"Кит Конноллидің айтуынша, Джейкобстың шаршы алаңға қайтып оралуы және қарсыластың есімі алдағы аптада белгілі болады екен. Бәлкім ол 168 фунтқа көтерілетін шығар. Дэнни үшін орта дивизионға қайта оралу мүмкіндігі қала береді, 2020 жылы ол Джермалл Чарломен немесе Головкинмен реванш өткізуі мүмкін", - деп жазды журналист. 

Жарнама
Жарнама

Осыған дейін, Джейкобс қазан-қарашада оралуды жоспарлап жүргені айтылған еді. 

Головкин мен Джейкобс 2017 жылы наурызда Нью-Йоркте жұдырықтасқан еді. Сол кезде америкалық боксшы Головкинге 12 раунд бойы қарсылық көрсеткен жалғыз спортшы болған еді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама