Джейкобстың соққысы менікіне қарағанда күштірек шығар - Головкин

Джейкобстың соққысы менікіне қарағанда күштірек шығар - Головкин © sport.bigmir.net

WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалы? Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) ?тетін жекпе-жекке ?алай дайындалып жат?анын айтып берді, - деп жазады Vringe.com порталы.

WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын айтып берді, - деп жазады Vringe.com порталы.

"Дэнни - өте жақсы боксшы. Мүмкін оның соққысы менікіне қарағанда күштірек шығар. Бірақ бұл жерде мәселе тек жұдырықтың күшіне байланысты емес, сондай-ақ, тайминг пен қашықтыққа байланысты. Жалпы, ол мықты панчер әрі тамаша боксшы", - деді Головкин.

Сондай-ақ, қазақстандық боксшы орта салмақтан кетпейтінін айтып өтті.

Реклама
Реклама

"Маған осында ыңғайлы. Қазір мен шамамен 75 келімін, бір аптадан соң 74 келі болып қаламын. Категориямды жоғарылату жайлы ештеңе айта алмаймын", - деді Головкин.

Еске сала кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама