04 қыркүйек 2019 | 12:58

Екі салмақта әлемнің экс-чемпионы бүгінгі күннің ең мықты боксшысын атады

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд украиналық Василий Ломаченконы (14-1, 11 КО) салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең мықты боксшы (P4P) деп есептеуден бас тартты, - деп хабарлайды iSport.ua.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Андре Уорд украиналық Василий Ломаченконы (14-1, 11 КО) салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі ең мықты боксшы (P4P) деп есептеуден бас тартты, - деп хабарлайды iSport.ua.

Өткен демалыста Ломаченко Лондонда төрешілер шешімімен британиялық Люк Кэмпбеллді (20-3, 16 КО) жеңді, осылайша, жеңіл салмақта WBA (Super) және WBO белбеулерін қорғап, бос болған WBC титулын иеленді.

Реклама
Реклама

Ломаченко - Кэмпбелл жекпе-жегінде Уорд ESPN арансы үшін трансляция сарапшысы болған. Жекпе-жектен кейін ол украиналық боксшы жеңіске жетіп, тағы бір белбеуді иеленгеніне қарамастан жартылай орта салмақта WBO чемпионы америкалық Теренс Кроуфордтан (35-0, 26 КО) төмен дәрежеде деген мәлімдеме жасады.

"Василий үздіктер тізімінде әлі де екеніші деген ойдамын. Ол Кроуфордпен бір деңгейде емес. Әрине ол жақсы жұдырықтасты, бірақ, өз ойым өзімде. Ломаченкоға жеңістерге жетіп, өз тарихын жаза беру керек. Бұл алға жетелейді. Ал бәрінің қызығы кете бастаса - бокстан тастайтын уақыт болды деген сөз", - дейді Уорд FightHype порталына берген сұхбатында.

Айта кетейік, The Ring тұжырымы бойынша P4P рейтингінде Ломаченко бірінші орында, ал Кроуфорд - екінші.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная