ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қараша 2021 | 14:20
"Екеумізде де жеңіс кілті бар" - Головкин Канеломен үшінші жекпе-жек туралы
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңудің кілті бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы қазақстандық чемпион Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альваресті жеңудің кілті бар екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
"Әрине, менің құпиям бар ("Канелоны" жеңу бойынша). Бірақ бұл сіздер айтып отырған құпия емес. Бұл сіздер көрсететін құпия. Біздің үшінші жекпе-жегіміз үшін жақсы жарнамалық науқан өткізілуі керек, ұйымдастырушылар оны жасауы тиіс, Канелоның да мен туралы құпиялары бар екеніне сенімдімін", - деді Головкин The Sun басылымына берген сұхбатында.
"Екеумізде де жеңістің кілті бар және олардың құлыпқа келу-келмеуін білудің жалғыз жолы - жекпе-жекті ұйымдастыру. Бұл жекпе-жекті дұрыс сату керек, ол үлкен қызығушылық тудыруы тиіс. Шынын айтайық, біздің екі рет кездескенімізге қарамастан, бұл ең көп талқыланған жекпе-жектердің бірі", - деді GGG.
Еске салайық, Головкин мен Альварес екі жекпе-жек өткізді: біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде тең нәтижемен аяқталды, бір жылдан кейін мексикалық боксшы жеңіске жетті.
Айта кетейік, GGG 29 желтоқсанда Жапонияда орта салмақтағы WBA (Super) титулының иегері Риота Муратаға қарсы жекпе-жекке шығады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также