Екі қазақстандық боксшы АҚШ-та өз қарсыластарын нокаутқа түсірді

Мейірім Нұрсұлтанов. © Vesti.kz

Бірінші орта салма?та ба? сынайтын ?аза? к?сіп?ой боксшысы Мадияр ?шкеев А?Ш-ты? Коннектикут штатына ?арасты Анкасвилл ?аласында ?ткен бокс кешінде америкалы? Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалы? нокаутпен ?тты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақ кәсіпқой боксшысы Мадияр Әшкеев АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде америкалық Шон Кэмеронды жетінші раундта техникалық нокаутпен ұтты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек жетінші раундтың екінші минутында тоқтатылды. Төрешілер Шон Кэмеронның кездесуді жалғастыруға қауқары жетпейтінін байқап, Мадиярды уақытынан бұрын жеңімпаз ретінде таныды.

Мадияр Әшкеев кәсіпқой бокстағы сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз осыған дейінгі барлық жекпе-жектерінде жеңіске жеткен.

Реклама
Реклама

Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегін өткізді. АҚШ-тың Коннектикут штатына қарасты Анкасвилл қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз мексикалық боксшы Хавьер Ольвераны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Қос боксшы арасындағы жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған болатын. Екінші раундтың 1:15 минутынан кейін төрешілер жекпе-жекті тоқтатты. Мейірім айқын жеңіске жетіп, кездесуді уақытынан бұрын аяқтады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама