Экс-чемпион Головкиннің соққылары Джейкобспен жұдырықтасу кезінде тым әлсіз болғанын айтты

Экс-чемпион Головкиннің соққылары Джейкобспен жұдырықтасу кезінде тым әлсіз болғанын айтты © vk.com/ggolovkin

Орта салма?та ?лемні? б?рын?ы чемпионы Келли Павлик WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкинні? (37-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-2, 29 КО) ж?дыры?тасуыны? м?лдем ?сер ?алдырма?анын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Келли Павлик WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Дэниэл Джейкобспен (32-2, 29 КО) жұдырықтасуының мүлдем әсер қалдырмағанын жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. Павлик сол кездесуде Головкин соққыларының жылдамдығын жоғалтып алғанын, әсіресе соңғы соққылары тым әлсіз болғанын айтты. Оның айтуынша, тура осындай жағдай 2015 жылы қазанда GGG канадалық боксшы Давид Лемьемен шыққанда болған. 

"Көптеген адамдар мен секілді ойлайды, Головкин жеңіске әрең жетті. Мен оның екі жыл бұрын Лемьемен кездескен сәтіндегі жұдырықтасуы, яғни соққыларында жылдамдықтың жоқтығын және өзіне сенімсіз болғаны туралы айтып отырмын. Мен оның неліктен сондай болғанын білмеймін, бәлкім физикалық кондицияға байланысты. Соңғы раундтарда ол мүлдем әлсіз болып көрінді", - деді Павлик Fighthype.com порталына берген сұхбатында. 

Реклама
Реклама

Головкиннің жұдырықтасуының өзгергені туралы бокс әлемінде әйгілі бапкер Фредди Роуч та айтқан болатын. Оның ойынша, Головкин қартайып жатқандықтан, күші сарқылып барады. Бұл оймен украиналық ауыр салмақта өнер көрсететін Александр Гвоздик те (12-0, 10 КО) келісті. 

Тағы бір америкалық бапкер Роберт Гарсия Головкиннің бұрынғы қалпын жоғалтқаны және оның себебі жасы екенін алға тартты. Сауль "Канело" Альварестің бұрынғы промоутері Ричард Шефер Головкиннің соңғы екі кездесуде жақсы өнер көрсетпегенін айтты. 

Соған қарамастан, әлемнің бұрынғы чемпионы Алина Шатерникова Головкиннің неліктен күші сарпылғанына жауап берген еді. Ал шетелдің БАҚ-тары қазақстандық боксшыны қолдады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама