Елеусінов Пакьяомен жұдырықтасуды мақсат тұтуы керек - промоутер

© Sports.ru

MJA Entertainment Майк аустралиялы? промоутерлік компаниясыны? басшысы Майк Алтамура Vesti.kz тілшісіне берген с?хбатында Данияр Елеусінов пен Иван Дычконы профи-рингтегі дебютіне кімні? дайындайтынын ж?не спортшыларды? болаша?ы жайлы болжамын айтып берді.

MJA Entertainment Майк аустралиялық промоутерлік компаниясының басшысы Майк Алтамура Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Данияр Елеусінов пен Иван Дычконы профи-рингтегі дебютіне кімнің дайындайтынын және спортшылардың болашағы жайлы болжамын айтып берді.

"Қазіргі уақытта Дерик Сантов (Сергей Ковалевтің экс-бапкері - Авт.) Дәуренмен Майамиде жұмыс істеп жатыр. Ол фантастикалық бапкер, сенімді әрі белсенді. Дерик ағайынды Елеусіновтерді әкесі Маратпен біріге отырып жаттықтырады. Ол Дычкомен де жұмыс істейді", - деді промоутер.

Сонымен қатар, ол Елеусіновтің әлем боксының абыройлы ортасына қосылуды мақсат тұтуы керек екенін айтты. "Ол тамаша, ақылды және жоғары маманданған спортшы. Мэнни Пакьяомен немесе жартылай орта салмақтағы кез келген абыройлы боксшымен жұдырықтасу болашақта оның мақсаты болуы тиіс", - деп мәлімдеді Майк Алтамура.

Реклама
Реклама

Даниярдың ағасы Дәурен жайлы пікірінде ол чемпион болуға мүмкіндіктің барын айтып өтті. Айтуынша, Дәуренді көпшілік ұмытыңқырап қалған, ал ол әрдайым жұмыс істеп, дамып жатыр. Орта дивизионда ол талай атой салады деп сенеді промоутер.

Оның ойынша, Иван Дычко да әлемдік деңгейге көтеріле алады. "Оның дарынына сенемін, аса ауыр салмақта әлемдік деңгейге шығу үшін психологиясы, параметрі, интеллекті бар. Лондондағы жекпе-жегін көргенмін, Энтони Джошуамен жекпе-жегінің нәтижесі даулы. Дычко болашақта одан реванш алуы мүмкін", - деді маман.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама