ПОДЕЛИТЬСЯ
21 қараша 2018 | 11:36
Елеусіновтің бесінші жекпе-жегін қашан және қайдан көруге болады?
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (4-0, 2 КО) кәсіпқой рингтегі бесінші жекпе-жегін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшының қарсыласы - никарагуалық Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО).
Жекпе-жек сегіз раунд форматында болады. Елеусіновтің бұған дейінгі төрт жекпе-жегі де алты раундтан тұрған еді.
Елеусінов - Мохика жекпе-жегі қарашаның 24-нен 25-не қараған түні "Казино де Монте-Карлодағы" бокс кешінде болады. Бұл кештің басты жекпе-жегінде бірінші ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) америкалық Майк Уилсонмен (19-0, 8 КО) жұдырықтасады.
"Хабар" арнасындағы трансляция Астана уақытымен сағат 01:00-де басталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Daniyar Yeleussinov (@yeleussinovdaniyar) 20 Ноя 2018 в 2:24 PST
Показать комментарии
Читайте также