Энтони Джошуа Владимир Кличконы нокаутқа түсірді: Жекпе-жектің видеосы

29 с?уірде кешкі уа?ытта Лондонда?ы Уэмбли стадионында жылды? е? ма?ызды жекпе-жектеріні? бірі ?тті. Аса ауыр салма?та IBF т?жырымы бойынша ?лем чемпионы 27 жаста?ы ?лыбританиялы? Энтони Джошуа экс-чемпион, осы дивизионны? к?п жыл бой?ы чемпионы 41 жаста?ы украиналы? Владимир Кличкомен ж?дыры?тасты. 

29 сәуірде кешкі уақытта Лондондағы Уэмбли стадионында жылдың ең маңызды жекпе-жектерінің бірі өтті. Аса ауыр салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы 27 жастағы ұлыбританиялық Энтони Джошуа экс-чемпион, осы дивизионның көп жыл бойғы чемпионы 41 жастағы украиналық Владимир Кличкомен жұдырықтасты. 

Жекпе-жекті тікелей эфирден "Интер" мен "Матч ТВ" арналары көрсетті. 

Алғашқы бірнеше раундта боксшылар ара-қашықтықты сақтап, сақ болды. Қос боксшы да бір-біріне соққы жасап жүрді. Бесінші раундта ұлыбританиялық боксшы Кличконы нокдаунға түсірген, алайда айтарлықтай басымдыққа ие бола алмады. Оның үстіне, украиналық оң қолымен күшті соққы жасады. Рефери оған да нокдаун санады.

Реклама
Реклама

Осыдан кейінгі раундтарда боксшылар жақыннан жұдырықтаса бастады. 11-ші раундта ұлыбританиялық украиналықты екі рет нокдаунға түсіріп, кейін соққыны үдете бастаған. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатып, техникалық нокаут тіркелгенін көрсетті.

Осылайша Джошуа 19 жекпе-жегінде 19-ыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Ол белбеуін қорғап, бос тұрған WBA Super титулын жеңіп алды. Владимир Кличко болса әуесқой бокстағы бесінші жеңілісіне ұшырап отыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама