ESPN сарапшысы және бокс шолушысы Дэн Рафаэль твиттер желісіндегі оқырмандарына қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) карьерасына қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Брукке қарсы нашар көрінді, Джейкобспен үлкен қиындықтары болды. "Канелоның" деңгейі емес. HBO оны көтермелеу үшін көп күш салды, бірақ, ол элитаға кірмейді", - деп жазыпты желі қолданушылардың бірі.
"Біліп жүру үшін: Брукты әбден сабады, бір раунд қана берген шығар. Джейкобс сияқты топ боксшыны нокдаунға түсірді, оның үстіне онымен ешқандай қиындығы болған жоқ. "Канеломен" бірінші жекпе-жекте әділетсіз шешімге тап болды", - деп жалғады Рафаэль.
Ал тағы бір қолданушы GGG-ге тіптен карьерасын аятау керектігін жазған. Оған жауап ретінде сарапшы былай деп жазды: "Неге? 1. Бұрынғысынша тамаша; 2. Әлем чемпионы титулы бар; 3. 100 миллион долларлық келісімшарты қызып тұр; 4. Есіңнен адасқансың".