ESPN журналисі Головкин-Сондерс жекпе-жегінің Қазақстанда қашан өтуі мүмкін екенін айтты

© Round By Round Boxing

ESPN телеарнасыны? латынамерика редакциясыны? тілшісі Фернандо Барбоза ?аза?станды? Геннадий Головкин мен ?лыбританиялы? Билли Джо Сондерсті? жекпе-жегі ?ашан ?тетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

ESPN телеарнасының латынамерика редакциясының тілшісі Фернандо Барбоза қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Билли Джо Сондерстің жекпе-жегі қашан өтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.  

"GGG - Сондерс жекпе-жегі 10 маусымда Қазақстанда өтеді деп жоспарланып отыр. Себебі 18 наурызда GGG Джейкосбпен кездеседі, бірақ бұл мәліметті ешкім ресми түрде жариялағысы келмей отыр", - деп жазды Барбоза Twitter желісіндегі аккаунтында.

Ал осыған дейін БАҚ-тар Головкин мен Сондерстің Қазақстанда жазда кездесуге келіскені жайлы хабарлаған. Жекпе-жек EXPO-2017 күндері өтеді делініп, ал көрменің баспасөз қызметіндегілер боксшылар арасындағы келіссөздерді растап берген болатын.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2016 жылы Головкин Сондерспен келіссөз жүргізген, алайда келісімге келу мүмкін болмады. Қазақстандық ұлыбританиялықпен WBO белбеуін тартып алу үшін кездескісі келеді. Ал тартып алған жағдайда орта салмақтағы барлық белбеудің басын біріктіреді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама