Эстефан Головкин мен Лемье жекпе-жегінің қалай өтетіні жайында айтып берді

© Тout-sur-la-boxe.net

Давидтің менеджері Эстефан Лемье мен қазақстандық боксшы Головкин арасындағы жекпе-жектің қалай өтетіні жайында айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz Tvasports.ca басылымына сілтеме жасап.

"2005 жылғы Артуро Гаттиден кейін Давид Madison Square Garden-де жұдырықтасатын бірінші квебектік болады. Головкин мықты боксшы, одан көп проблема күтуге болады. Бірақ Давид сондайды жақсы көреді", - дейді ол.

Оның сөзіне қарағанда, жекпе-жек өткізу туралы келіссөздер барысында олар екі түрлі аспектіге назар аударған: бокстың өзі және жекпе-жек үшін гонорар.

Реклама
Реклама

"Біз дайын едік, бірақ қаржы мәселесін шешіп алу керек болды. Ақырында ұсыныс біздің көңілімізден шықты. Головкин - әлемдегі ең үздік бестіктің қатарына кіретін боксшы. Давид онымен жұдырықтасуға дайын деп нық сеніммен айта аламын. Бұл жекпе-жек Лемьені мансап жолында келесі деңгейге көтеруі мүмкін және біз Нью-Йоркке жеңіс үшін барамыз. Бұл керемет кездесу болады. Головкин мен Лемье - жекпе-жекті нокаутпен аяқтауды әдет қылған жігіттер, олар бұл кездесуде бар күштерін салады. Бәрімізді естен кетпес шоу күтіп тұр", - деді Эстефан.

Еске сала кетейік, Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ.

 
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама