Эвандер Холифилд GGG - "Канело" қарымтасында кім жеңетінін айтты

© Sport.ua

Екі салмақ дәрежесінде абсолют чемпион болған Эвандер Холифилд WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы қарымта жекпе-жектен не күтетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Америкалықтың пікірінше, бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы жеңіске жетеді.

"Головкин жеңеді, өйткені ол шабуылдап жүргенімен, қорғанысы мықты боксшылардың бірі. Сонымен қатар, Геннадий екі қолымен де ауыр соққы жасай алады", - дейді Холифилд YouTube-тегі Mayweather Boxing Channel арнасына.

Реклама
Реклама

Головкин мен Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena алаңында өтеді.

Мұның алдында ESPN телеарнасының сарапшысы және АҚШ-тың танымал бокс шолушыларының бірі Дэн Рафаэль де осы кездесуге болжам жасаған еді.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама