EXPO-2017 баспасөз қызметі: Головкин - Сондерс жекпе-жегін Астанада өткізу келіссөздері жүргізіліп жатыр

EXPO-2017 баспасөз қызметі: Головкин - Сондерс жекпе-жегін Астанада өткізу келіссөздері жүргізіліп жатыр © Тengrinews.kz иллюстрациясы

"Астана EXPO-2017" баспас?з ?ызметіндегілер ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасында?ы жекпе-жек Астанада 10 маусымда ?теді деген а?парат?а байланысты м?лімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Астана EXPO-2017" баспасөз қызметіндегілер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Билли Джо Сондерс арасындағы жекпе-жек Астанада 10 маусымда өтеді деген ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Әзірге ештеңе нақты айта алмаймыз. Келіссөздер жүргізіліп жатыр, нақты бір мәліметтер жақын арада белгілі болады", - деді "Астана EXPO-2017" баспасөз қызметі.

Еске салайық, осы жекпе-жекке қатысты келіссөздер алдыңғы айдан бері жүргізіліп келеді. БАҚ мәліметінше, Головкин мен Сондерс жазда жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді келіскен. 

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, ESPN журналисі Фернандо Барбоза Головкин - Сондерс жекпе-жегі қай уақытта өтетінін айтты. Оның айтуынша, бұл кездесу Қазақстанда 10 маусымда өтеді. 

Айта кетейік, Головкин өзінің кезекті жекпе-жегін 18 наурызда Нью-Йорк қаласында өтеді. Ол орта салмақта WBA чемпионы Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) шаршы алаңда жұдырықтасатын болады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама