Фируза Шарипова Джемилла Гонтарюкпен өткізген жекпе-жектен кейін гипспен түскен суретін жариялады

© vesti.kz

?аза?станды? к?сіп?ой боксшы ?ыз Фируза Шарипова Алматыда ?ткен бокс кешіні? басты жекпе-жегінде бельгиялы? Джемилла Гонтарюкті же?ген со? гипспен т?скен суретін Instagram желісіндегі пара?шасына жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Алматыда өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде бельгиялық Джемилла Гонтарюкті жеңген соң гипспен түскен суретін Instagram желісіндегі парақшасына жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық спортшының Stories-ке жариялаған суретінен оның оң қолына гипс салынғанын көруге болады. 

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, жекпе-жек 30 желтоқсанда Алматыда өтті, оған екінші жартылай салмақтағы IBO және WBC Silver белбеулері тігілген болатын. Қазақстандық кәсіпқой боксшы қыз Фируза Шарипова Джемилла Гонтарюкті ұпай санымен жеңіп, екінші жартылай жеңіл салмақта IBO және WBC Silver чемпиондық атақтарын иеленді.

Жекпе-жек толықтай қазақстандық боксшының басымдығымен өтті. Шаршы алаңдағы шайқас жоспарланған 10 раундқа (2 минуттан) созылып, Фируза төрешілер шығарған ұпай басымдығы бойынша айқын жеңіске жетті. Жекпе-жектің видеосын мына жерде көруге болады.

Жекпе-жектен кейін Шарипова Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, әйелдер арасындағы бокс туралы барлығы Геннадий Головкинді білетіндей білуі үшін бар күшін салатынын айтты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама