24 желтоқсан 2022 10:41

Фируза Шәріпова Танзания боксшысын жеңді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов ©

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қолжеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

23 желтоқсанда Фируза Шәріпова Челябіде өткен бокс кешіне қатысып, Танзания өкілі Фериче Машауриге қарсы рингке шықты.

Жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтіп, бүкіл раундқа созылды. Шәріпова төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімі бойынша, жеңіске жетті.

Реклама
Реклама

Жекпе-жектен кейін спортшы қолдау көрсеткен отбасына, жанкүйерлері мен демеушілеріне алғысын білдірді.

Еске салайық, Фируза Шәріпова бір жылға жуық боксқа шықпаған еді. Ол алдыңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Кэти Тейлордан жеңіліп қалған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram