Флойд Мейвезер Головкиннің салмақ дәрежесіне өтті

Флойд Мейвезер Головкиннің салмақ дәрежесіне өтті

Атақты боксшы Флойд Мейвезер қазақстандық Геннадий Головкиннің салмақ дәрежесіне өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz. Америкалық боксшы соңғы жаттығуларын GGG өнер көрсететін 160 фунт салмақта жасады.

Өмірінде жеңіліп көрмеген боксшы бес салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы Флойд Мейвезердің (49-0, 26 КО) бұл әрекетін желі қолданушылар Геннадий Головкинмен жұдырық түйістіру үшін жасалып жатыр деп болжады. 

2015 жылы өзінің спорттағы мансабын аяқтаған Мейвезер қалпын сақтап, жиі жаттығулар жасап тұрады. Осыған дейін Головкин Мейвезермен шаршы алаңда шығу үшін оның салмақ дәрежесіне (154 фунт) түсуге дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын. 

Жарнама
Жарнама

Сонымен қатар, БАҚ Мейвезердің Головкиннен қашып жүргенін және оған басқа боксшыларды жиі ұсынатынын жазған. Флойд Головкиннен өзіне ұсыныс тастауды доғаруды сұраған. 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама