Флойд Мейвезер мансабындағы соңғы жекпе-жегінде жеңіске жетті

© vesti.kz

38 жастағы америкалық Флойд Мейвезер мансабындағы соңғы жекпе-жегінде Андре Бертоны жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Осылайша америкалық боксшы кәсіби рингтегі 49-шы жеңісіне қол жеткізіп отыр. 

Мейвезердің соңғы қарсыласы 31 жастағы Андре Берто болды. PPV-шоу аясындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өтіп, 12 раундқа дейін созылды. Нәтижесінде Мейвезер кіші Бертоны 117-111, 118-110 және 120-108 есебімен жеңді.

Реклама
Реклама

Осылайша, Мейвезер кіші жартылай орта салмақта WBC және WBA тұжырымдары бойынша белбеулерін қорғап қалды. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама