ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 маусым 2021 10:04
Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады
Бес салмақ дәрежесінде бокстан бұрынғы әлем чемпионы кіші Флойд Мейвезер блогер Логан Полды жеңе алмады, - деп хабарлайды vesti.kz.
Жекпе-жек Майамидегі (АҚШ) Hard Rock Stadium стадионында өтті және сегіз раундқа созылды. Мейвезер бүкіл жекпе-жек барысында жақсы өнер көрсетті, бірақ қарсыласын жеңе алмаған.
Айта кетейік, жекпе-жек спортшылардың кәсіби рекордына кірмеген.
Бұл жекпе-жегі үшін Мейвезердің кепілақысы он миллион доллар болды. Сонымен қатар, ол сатылымнан түсетін ақшаның 50 пайызын алады. Полға келетін болсақ, оның кепілдендірілген ақысы - 250 мың доллар, сонымен қатар ол ақылы эфир сатылымынан он пайызын алады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу