Фроч Головкин үшін өзінің тым күшті екенін айтты

Фроч Головкин үшін өзінің тым күшті екенін айтты Карл Фроч. © Allboxing.ru

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, ағылшын боксшысы Карл Фроч өзін Геннадий Головкин үшін тым күшті екенін айтты, - деп хабарлайды Allboxing.ru. Айта кетейік, осыған дейін ол қазақстандықпен жұдырықтасуға қызығушылық танытқан еді. Геннадий Головкин орта салмақта WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Алайда кейін Фроч екінші орта салмақта IBF чемпионы, 29 жастағы ағылшын Джеймс Дигейлмен жекпе-жек өткізуге қызығып отырғанын мәлімдеді. Фрочтың таяуда әлеуметтік желілердің біріндегі парақшасына "GGG үшін тым үлкен әрі күшті" деп, суретін салғаны хабарланды.

Айта кетейік, бұған дейін экс-чемпионның мүддесін қорғаушы ағылшын промоутері Эдди Хирн оның мансап жолы жалғасатын болса Геннадий Головкинмен кездесу болып қалуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Реклама
Реклама

Еске салайық, осының алдында Геннадий Головкинге багам боксшысы Туреано Джонсонның ең лайықты қарсылас болып отырғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Boxingnews24.com басылымы ESPN тілшісі Дэн Рафаэльге сілтеме жасап хабарлады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама