Геннадий Головкин алдағы бес жылда спортпен қоштаспайды

Геннадий Головкин. ©voxpopuli.kz

WBA (Super), IBO және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 2015 жылы 4 кездесу өткізгісі келетінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz спорт порталы Vringe.com басылымына сілтеме жасап.

"Осы жылы төрт кездесу өткізе аламын деп үміттенемін. Біріншісі ақпан айына жоспарланған, екіншісі мамырда болады. Томның (Леффлер) жоспары көп және мен сол жоспарларға дайынмын", - деп мәлімдеді Геннадий Головкин.

32 жастағы боксшы өз спорттағы мансабын кем дегенде бес жылға дейін жалғастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин осы жылы 21 ақпанда Монакода ағылшын боксшысы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жек өткізеді. Бұл екі боксшыға да кәсіби рингтегі 32-кездесу болады. Головкин бұған дейінгі жұдырықтасулардың барлығында да жеңіске жетті, оның ішінде 28 кездесуінің 18-інде ол рингтен уақытынан бұрын кетіп жүрді. Ал Мюррей 29 рет жеңіске жетті (12-сін уақытынан бұрын аяқтады), бір жеңіліс тауып, бір рет тең түсті.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама