Геннадий Головкин Дэниэл Гилді нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өзінің австралиялық қарсыласы Дэниэл Гилді нокаутқа түсіріп, үшінші раундта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтті және кештің басты кездесуі болды.

Головкин кездесудің басынан қарсыласын тұқыртып тастады, бір соққы кезінде Гил тіпті есеңгіреп қалды, бірақ бірден бойын тіктеп алды. Екінші раундта да Головкин белсенді жұдырықтап, қарсыласын құлата алды. Үшінші раундта Гилдің әлі құрыды. 

Реклама
Реклама

Сөйтіп, Головкин WBA версиясы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы мәртебесін 11-рет, IBO версиясындағы атағын 8-рет сәтті қорғады. 

Нью-Йорк штаты Атлетика комиссиясының мәліметінше, Геннадий Головкиннің бұл жекпе-жек үшін алатын сыйақысы - 750 000 доллар, бұл Дэниэл Гилдің табысынан 150 мың долларға артық.

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама