Геннадий Головкин Pound for Pound рейтингінде Мэнни Пакьяоны артта қалдырды

© GGGBoxing

WBA (Super), IBO және WBC Interim тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин World Boxing нұсқасы бойынша Pound for Pound рейтингінде филипиндік Мэнни Пакьяноның алдына шықты, - деп жазады Vesti.kz.

Жаңартылған тізімде Головкин бір сатыға жоғарылап, төртінші орынға тұрақтады. Ал Пакьяо болса екінші орыннан бесіншіге түсті. WBN нұсқасы бойынша жасалған рейтингте Флойд Мейвезер кіші көш бастап тұр. Екінші орынды украиналық Владимир Кличко алды. Никарагуалық Роман Гонсалес 12-орыннан үшіншіге көтерілді.

Еске сала кетейік, Головкин соңғы рет 17 мамырда америкалық Вилли Монро кішімен кездесіп, оны 6-шы раундта жеңген болатын. Головкин 33 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. 24 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Ол рингке қыркүйекте шығады. Дегенмен, оның қарсыласының есімі әзірше белгісіз.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама